Қоғам

Робот-иттер патрульге шықты

Астанада қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында роботтандырылған патрульдік кешен қолданысқа енгізілді. Жаңа технология елорданың көлік инфрақұрылымы нысандарында және ірі сауда орталықтарында қызмет атқарады. Бұл туралы http://www.polisia.kz хабарлады.

Робот-ит нақты уақыт режиміндегі бейнебақылаумен жабдықталған. Жиналған мәліметтер полицияның жедел басқару орталығымен біріктірілген, бұл жағдайды жедел бақылауға және құқық бұзушылықтарға тез әрекет етуге мүмкіндік береді.

Аталған технология қоғамдық ахуалды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады.

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ ішкі істер органдарын кезең-кезеңімен цифрлық трансформациялау аясында жүзеге асырылып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button