Қоғам

Астана әуежайы 18 рейстің кешігуі мүмкін екенін ескертті

10 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты Астананың халықаралық әуежайында бірқатар рейстер кешігуде. Бүгінгі кестеге сәйкес әуежайда:

жөнелтілуге — 72 рейс,
қабылдауға — 74 рейс жоспарланған.

Қазіргі жағдай бойынша 8 рейстің келуі, 10 рейстің ұшып шығуы кешіктірілген.

Әуежайдың хабарлауынша, ұшып шығу рейстерінің кешігуі қолайсыз ауа райы жағдайында әуе кемелерін мұздан тазалау (облив) жұмыстарын жүргізу мүмкіндігінің болмауымен байланысты. Ұшу-қону жолағы, перрон және рулеж жолдары тұрақты түрде тазартылып жатыр. Әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Жолаушылардан рейстер туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларынан нақтылауды, сондай-ақ әуежайдың онлайн-таблосын бақылап отыруды сұрайды:
www.nn-airport.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button