Пәтерді 5–10 мың теңгеге өрттен қорғауға болады

Көпшілік біле бермейді, бірақ үйдегі ең өрт қаупі жоғары орындардың бірі — электр қалқаншасы (автоматтар орналасқан щиток). Дәл осы жерде қысқа тұйықталу жиі болып, өрт шығу қаупі артады.
Қауіпті азайтудың қарапайым жолы — модульдік аэрозольді өрт сөндіру құрылғысын орнату. Оны бірнеше минуттың ішінде өзіңіз-ақ орната аласыз.
Құрылғының жұмыс істеу принципі қарапайым: температура көтерілген кезде арнайы құрам бөледі. Ол оттегінің жалынға жетуін шектеп, өртті бастапқы кезеңінде сөндіреді. Яғни өрт ұлғайып кетпей тұрып әрекет етеді.
Мұндай құрылғыларды маркетплейстерден табуға болады. Іздеу кезінде «автономды өрт сөндіру құрылғысы» немесе «аэрозольді өрт сөндіргіш» деген кілт сөздерді пайдаланыңыз.
Қарапайым әрі қолжетімді шешім — үлкен шығынның алдын алуы мүмкін.



