Қоғам

Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды: қар, тұман және қатты жел күтіледі

12 ақпанға бірқатар өңірлерде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болып, тұман түседі және жел күшейеді,.

Алматы қаласында кей уақыттарда көктайғақ пен тұман күтіледі.
Шымкентте жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей мезгілде қатты жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман болжанып отыр.

Абай облысының оңтүстігінде түнде аздаған қар мен боран болады. Шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Батыс, солтүстік-батыс желі соғады, екпіні кей жерлерде 15–20 м/с-қа, кейде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында көктайғақ пен тұман күтіледі. Солтүстік-батыс желі шығыста 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар мен жаяу бұрқасын болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыс желі кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде түнде қар мен боран болады. Күндіз солтүстік пен шығыста аздаған қар жауады. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысы мен шығысында қатты жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Таулы аймақтарда қалың қар мен жаяу бұрқасын болады. Кей жерлерде көктайғақ пен тұман түседі. Жел жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы өңірлерінде қар, жаяу бұрқасын және тұман болжанады. Жолдарда көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында да тұман түседі, жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман, шығысында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында түнде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар мен жаяу бұрқасын болжанып, жел екпіні кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарға сақ болуға, алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын нақтылауға кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button