Қоғам

Жол ережесін бұзу енді толықтай автоматты түрде тіркеледі

12 наурыздан бастап Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Бұған дейін рульде телефон қолдану, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты бірқатар құқықбұзушылықтар көбіне инспекторлар арқылы тіркелетін. Енді мұндай заңбұзушылықтарды автоматты бейнебақылау камералары анықтай алады.
Осы уақытқа дейін автоматты режимде мына алты түрі тіркеліп келген:
•жылдамдықты арттыру;
•бағдаршамның қызыл түсіне өту;
•жол белгілері мен таңбаларын сақтамау;
•дұрыс тоқтамау және тұрақ ережесін бұзу;
•басып озу және жолда орналасу тәртібін бұзу;
•жаяу жүргіншілерге жол бермеу.
Енді бұл тізім кеңейтіліп отыр. Камералар:
•рульде телефон пайдалануды;
•қауіпсіздік белдігін тақпауды да тіркей алады.
Жаңартылған жүйе бойынша құқықбұзушылықтар үш жолмен анықталады:
1️⃣ Қарапайым бейнекамералар (бұрынғыдай);
2️⃣ Арнайы өлшеуді қажет етпейтін заңбұзушылықтарды анықтайтын автоматты камералар;
3️⃣ Мемлекеттік деректер базасын ЕРАП жүйесімен интеграциялау арқылы құжаттарға қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау
Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button