Қоғам
Наурыз қарсаңында қала маңындағы пойыздарға 2177 қосымша орын ұсынылады
Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін бірқатар қала маңындағы пойыздарды қосып, кейбір бағыттардағы пойыздардың құрамын ұлғайтады. Нәтижесінде 2177 қосымша орын ұсынылады.

Мереке күндері келесі қосымша электрпойыздар қатынайды:
• 20 және 21 наурыз — №7510 «Астана – Павлодар»;
• 25 наурыз — №7509 «Павлодар – Астана»;
• 25 наурыз — №6803/6804 «Астана – Атбасар»;
• 25 наурыз — №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты».
Сонымен қатар 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 «Қарағанды – Балқаш» жолаушылар пойызына екі қосымша вагон (бір купе және бір плацкарт) тіркеледі.
Бұл шаралар мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан комиссиясыз сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.



