Қазақстанда референдум бойынша дауыс беру аяқталды: қатысу көрсеткіші 73,24%
20:00-дегі жағдай бойынша Қазақстандағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Ел бойынша 9,1 миллионнан астам азамат бюллетень алды.

Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, Қазақстандағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дауыстарды санау уақыты санау басталған сәттен бастап 12 сағаттан аспауы тиіс.
Аумақтық комиссиялар дауыс беру мен дауыстарды санаудың алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді Орталық референдум комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы жолдайды.
Аумақтық комиссиялар ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі төмендегідей:
Абай облысы 75,45 %
Ақмола облысы 79,82 %
Ақтөбе облысы 87,05 %
Алматы облысы 71,46 %
Атырау облысы 74,04 %
Батыс Қазақстан облысы 68,94 %
Жамбыл облысы 85,06 %
Жетісу облысы 78,49 %
Қарағанды облысы 84,30 %
Қостанай облысы 81,21 %
Қызылорда облысы 93,04 %
Маңғыстау облысы 77,89 %
Павлодар облысы 75,51 %
Солтүстік Қазақстан облысы 70,52 %
Түркістан облысы 84,03 %
Ұлытау облысы 73,15 %
Шығыс Қазақстан облысы 86,42 %
Астана қаласы 60,36 %
Алматы қаласы 33,43 %
Шымкент қаласы 75,82 %
Жалпы алғанда, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азамат бюллетень алды. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрайды.
Референдумның алдын ала қорытындылары Орталық референдум комиссиясы тарапынан қосымша хабарланатын болады.



