Қоғам

Көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады?

Астанада қысқы маусымға дайындық қызу жүріп жатыр. Қазір қала тұрғындары үшін 14 көмір сату орны мен 10 қойма жұмыс істейді. Нысандардың барлығы тиеу-түсіру техникасымен және қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

Көмірді қалада 8 компания сатады. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін сату орындары қаланың бірнеше ауданында орналасқан.

Көмір сатылатын мекенжайлар:

  • Герцен көшесі, 4/1
  • Герцен көшесі, 6/2
  • Көктал көшесі, 28/2
  • Мақат көшесі, 40
  • Жамбыл Жабаев көшесі, 76
  • Дулатов көшесі, 182/1
  • Мақат көшесі, 4/1
  • 70-проезд, 9А
  • ЖЭО-2
  • 101-көше, 30Б
  • Литейная көшесі, 44
  • Көктал көшесі, 28
  • Герцен көшесі, 6Б

 Қазіргі орташа баға:
• Шұбаркөл — 19 500 теңге/тонна
• Қаражыра — 18 800 теңге/тонна
• Майкүбі — 16 800 теңге/тонна

Көмірдің қоры, бағасы немесе нақты сату орындарындағы қолжетімділігі туралы ақпарат қажет болса, тұрғындар 109 нөміріне хабарласа алады.

Қыс түсіп, отынға сұраныс артпай тұрғанда, көмірін алдын ала қамдап қойған артық емес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button