Қоғам

Отбасы дәстүрін дәріптейтін #Otbasym2026 челленджіне қосылыңыз!

Астанада отбасы құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған #Otbasym2026 жалпыұлттық челленджі өтіп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Игі бастамаға қала тұрғындарымен қатар мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар, спортшылар, оқушылар, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері мен түрлі ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Қатысушылар әлеуметтік желілерде отбасының тарихы мен дәстүрін, бірге өткізген қызықты сәттерін, ортақ әуестіктерін және жақындарына көрсететін қамқорлығы туралы фото немесе қысқа бейнероликтер жариялайды. Әрі қарай челлендж эстафетасын достарына, әріптестеріне немесе басқа отбасыларға жолдайды.

Бастаманың басты мақсаты – отбасының адам өміріндегі ерекше орнын көрсету, жақындар арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты дәріптеу және аға буыннан кейінгі ұрпаққа жалғасатын ізгі дәстүрлерді насихаттау.

Челленджге қатысу үшін отбасыңызбен түскен фото немесе бейнеролик жариялап, өз отбасыңыздағы дәстүр, есте қалған оқиға немесе бірге айналысатын сүйікті іс туралы қысқаша айтып, эстафетаны келесі қатысушыларға ұсыну жеткілікті.

Жазбада #Otbasym2026, #ОтбасыКүні2026, #ДеньСемьи2026 хештегтерін қолдану қажет.

Челленджге отбасы туралы өз тарихын бөліскісі келетін кез келген адам қатыса алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button