Қоғам

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің жаңа маусымы басталады

Астанада 19-20 қыркүйекте өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің жаңа маусымы басталады. Алғашқы демалыс күндері елорда тұрғындарына Қызылорда мен Атырау облысының өнімдері ұсынылады.

Жәрмеңкеден ет, балық және сүт өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидекті, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын тікелей фермерлер мен отандық өндірушілерден сатып алуға болады.

Сауда 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтеді. Мекенжайы: Қарқаралы тасжолы, 1. Жәрмеңке алаңына №18, 37 және 303 автобус бағыттарымен жетуге болады.

Өңірлік жәрмеңкелер елордада 25 қазанға дейін әр демалыс сайын жалғасады.

Жәрмеңке кестесі:

  • 26-27 қыркүйек – Абай, Алматы және Маңғыстау облыстары;
  • 3-4 қазан – Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары;
  • 10-11 қазан – Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары;
  • 17-18 қазан – Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстары;
  • 24-25 қазан – Қарағанды және Қостанай облыстары.

Елорда тұрғындары үшін бұл – өңірлердің табиғи әрі жергілікті өнімдерін делдалсыз сатып алуға мүмкіндік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button