Басты жаңалықҚоғам

Астана қауіпсіздігіне жаңа технологиялар қалай көмектесіп жатыр?

Көшелердегі жағдайды камералар бақылауда ұстайды, тұрғындардың өтініштері бірден бірнеше арна арқылы қабылданады, дрондар әуеден бейнежазба жібереді. Ал цифрлық жүйелер полиция қызметкерлеріне үлкен көлемдегі ақпаратпен жедел жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Алайда мұның барлығы тек технологиямен шектелмейді. Әртүрлі цифрлық шешімдердің полиция жұмысына тиімді қызмет етуі үшін оларды нақты міндеттермен байланыстыру қажет. Бұл бағытпен Астана қаласы Полиция департаментінің Цифрландыру және жасанды интеллект басқармасы айналысады.

Басқарма цифрлық технологияларды полицияның күнделікті қызметіне енгізіп қана қоймай, олардың нақты жұмыс процестеріне бейімделуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар сыртқы серіктестермен де жұмыс жүргізіледі. Олардың қатарында мемлекеттік органдар, IT-компаниялар және цифрлық шешімдерді әзірлеу мен енгізуге қатысатын түрлі ұйымдар бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button