Басты жаңалықҚоғам
110 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы төлем беріледі
Астанада Қарттар күніне орай 110 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Төлем мөлшері 2,5 АЕК болады.

Әкімдіктің мәліметінше, әлеуметтік көмек Астанада тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнет жасындағы азаматтарға беріледі.
Біржолғы төлем 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай қарастырылған. Әлеуметтік көмектің алушылар тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласы бойынша филиалы ұсынған мәліметтер негізінде жасалған.
Жалпы, төлем 110 мыңнан астам зейнеткерді қамтиды.



