Туризм

Қазақстан мен Швейцария арасында тікелей рейс пайда болады

🇰🇿🇨🇭 Қазақстан мен Швейцария арасында тікелей тұрақты әуе рейстері ашылуы мүмкін. Әзірге нақты қалалар, күндер, кесте мен билет бағасы жоқ — бірақ ойымызда әлдеқашан Альпі тауларында жүрміз, әрі қандай да бір себеппен өзімізді өте бай сезініп қойдық.

Екі елдің авиация билігі аптасына 28 жолаушылар рейсін орындау мүмкіндігі туралы келісімге келді. Қазір Швейцария тарапы рейстерді іске қосуды қарастырып, ықтимал бағыттарды талқылап жатыр.

Ал жүк рейстеріне жиілік пен сыйымдылық бойынша ешқандай шектеу қарастырылмаған.

Енді ең «ұсақ» шаруалар қалды: қалаларды таңдау, әуе компанияларын бекіту, рейстерді іске қосу және билет бағасына қарап, Швейцарияға шынымен ұшамыз ба, әлде әзірге меморандумға қуанып қана қоямыз ба — соны түсіну.

Басқа жаңалықтар

Back to top button