Басты жаңалықБілім

Тимур Турлов ФИДЕ президенті болып сайланды

Қазақстан үшін тарихи күн! 🇰🇿♟️ Тимур Турлов ФИДЕ президенті болып сайланды

Самарқандта өткен Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) Бас ассамблеясында Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов екінші турда жеңіске жетті.

Тимур Турлов пен шахматтан бес дүркін әлем чемпионы, аңыз Вишванатан Анандтан құралған командаға 110 делегат дауыс берді. Ал олардың қарсыласы Вадим Розенштейн 85 дауыс жинады.

Осылайша, ФИДЕ тарихында алғаш рет ұйымды Қазақстанның өкілі басқарады. Ал Вишванатан Ананд президенттің орынбасары қызметін атқарады.

Тимур Турловты және барша қазақстандық шахмат қауымын тарихи жетістікпен құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button