Қоғам

Астанада «пәтерге өтінім беріп үлгеру» маусымы басталды

🏠 Астанада «пәтерге өтінім беріп үлгеру» маусымы басталды

7–19 қазан аралығында Baspana Market арқылы несиелік тұрғын үйге өтінім қабылданады. Барлығы 562 пәтер ұсынылады: бір бөлмеліден төрт бөлмеліге дейін.

Бағасы — 1 шаршы метріне 332 916 теңге, бастапқы жарна — 10%-дан, мөлшерлеме — 5%. Пәтерлер таза әрлеумен беріледі. Үйлер бес қабатты, лифт қарастырылмаған.

Іріктеу 21 қазанда өтеді.

Бәрі өзіміз жақсы көретін сценарий бойынша: алдымен Baspana Market-ке өтінім береміз, кейін жеке кабинетке жүйке жұқартатындай қайта-қайта кіріп тексереміз, ал соңында — мүмкін, қоныс тойын тойлаймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button