БілімҚоғам

Parent Summit 2026 халықаралық саммиті өтті

23–24 қазанда Астанада ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған Parent Summit 2026 халықаралық саммиті өтті. Іс-шараны International Parents Alliance (IPA) ұйымы BINOM мектептерімен серіктестікте ұйымдастырды.

Саммит Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде өтіп, халықаралық сарапшыларды, педагогтерді, ата-аналар мен білім беру саласының өкілдерін бір алаңға жинады.

«Білім беру экожүйесін бірлесе қалпына келтіру» тақырыбына арналған жиында балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Екі күндік бағдарлама аясында инклюзивті білім беру, бала мен отбасының әл-ауқаты, цифрлық дәуірдегі тәрбие және ата-аналардың білім беру үдерісіне қатысуы секілді өзекті тақырыптар қамтылды. Қатысушылар сарапшылық пікірталастарға, тәжірибе алмасу кездесулеріне және интерактивті воркшоптарға қатысты.

Саммитке Португалия, Норвегия және басқа елдерден келген халықаралық білім беру сарапшылары, Parents International ұйымының өкілдері мен қазақстандық мамандар қатысты. Олардың қатарында Luca László, Judit Horgas, Emilia Arsenova, Christian Hellevang, Herminio Correa, Emanuele Bertolani, Johanne Olaussen, Joao Costa және Eszter Salamon болды.

Жиынның негізгі мақсаты – отбасы, мектеп және қоғам арасындағы сенімді нығайту, балалардың әл-ауқаты мен білім сапасын арттыруға бағытталған ортақ шешімдерді талқылау және халықаралық тәжірибе алмасу.

Parent Summit 2026 білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, балалардың болашағы үшін отбасы, мектеп пен қоғамның ортақ жауапкершілігін нығайтуға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button