Басты жаңалықҚоғам
Астанада 5–7 қараша аралығында көлік қозғалысы шектеледі

Астанада 5–7 қараша күндері халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.
Шектеулер халықаралық іс-шараларға дайындық және оларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Осы күндері елордадағы жекелеген көшелер мен жол учаскелерінде автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Сонымен қатар 1 қарашадан бастап Астана әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары жүргізіліп жатқаны хабарланған.



