Басты жаңалықСпорт

Елімізде тағы бір гроссмейстер өсіп келеді

 

14 жастағы Марк Смирнов KazChess Masters Almaty турнирінде екінші рет гроссмейстерлік норманы орындады. Енді оған бұл норманы тағы бір рет орындау қажет. Осыдан кейін шахматшыға гроссмейстер атағын алуға мүмкіндік туады.

Марк гроссмейстерлік норманы орындап қана қоймай, 10 мықты шахматшының арасында төртінші орын иеленді. Турнирге алты елдің өкілдері, соның ішінде әлем чемпиондары, шахмат олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Марк 9 партияда 5,5 ұпай жинады. Дәл осындай нәтижені шахмат олимпиадасының екі дүркін жеңімпазы, Өзбекстан өкілі Шамсиддин Вохидов көрсетті. Ол турнирдің қола жүлдегері атанды. Бірінші орынды Беларусь өкілі Денис Лазавик, екінші орынды FIDE атынан өнер көрсеткен Даниил Дубов иеленді.

Айта кетейік, Марк – жастар арасындағы әлемнің екі дүркін чемпионы. Ол 2024 жылы 12 жасқа дейінгілер арасында, ал 2025 жылы 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған.

Марктың жетістіктерін бақылап, көптен күткен гроссмейстер атағын жақын арада алуына тілектеспіз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button