Технология

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 16-орынға көтерілді

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту жөніндегі әлемдік рейтингінде 16-орынға жайғасты.

Бұл көрсеткіш елдегі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, азаматтарға онлайн қызмет көрсету және мемлекеттік басқару жүйесін технологиялық жаңғырту бағытындағы жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Электрондық үкімет жүйесі арқылы азаматтар көптеген мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ала алады. Оның ішінде құжаттарды рәсімдеу, анықтамалар алу, төлемдер жүргізу және түрлі өтініштер жіберу мүмкіндіктері бар.

Рейтингтегі жоғары көрсеткіш Қазақстанның цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы халықаралық позициясын нығайта түскенін көрсетеді. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button