Астанада Қордай мен Айнакөл көшелерінің қиылысы уақытша жабылды
Астанада инженерлік желілерді салу жұмыстарына байланысты Қордай және Айнакөл көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Шектеу 17 қарашадан 21 қарашаға дейін енгізілді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жұмыстар Алматы ауданындағы аталған көшелердің қиылысында жүргізілуде. Осыған байланысты автокөліктердің қозғалысына толық шектеу қойылды.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде жүргізушілерге алдын ала бағыттарын жоспарлап, балама көшелерді пайдалануға кеңес беріледі. Жол қозғалысының уақытша өзгеруі осы аумақта кептелістерге әкелуі мүмкін.
Жаяу жүргіншілерге де қозғалыс бағытын таңдағанда құрылыс жұмыстарының жүргізілуін және уақытша қойылған белгілерді ескеру қажет.
Көлік жүргізушілерінен жолдағы шектеулерге түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды.



