Қоғам
Астанада аса қауіпті кезең басталды: жаңа қатқан мұзға шығуға болмайды

Астанада су айдындарында мұз қату кезеңі басталды. Алайда алғашқы мұз әлі жұқа әрі біркелкі қатпағандықтан, оның үстімен жүру өте қауіпті.
Осыған байланысты елорда құтқарушылары тұрғындар мен балық аулаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар мұздың алғашқы қату кезеңінде қандай қауіп бар екенін айтып, су айдындарына шықпауға шақыруда.
Сондай-ақ өзен-көлдердің маңына «Мұзға шығуға болмайды» деген ескерту белгілері орнатылып жатыр.
Құтқарушылар мұз толық қатпайынша су айдындарына шықпауға, балаларды су маңында қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.
Жұқа мұзға шығу – өмірге қауіпті!



