ҚоғамТехнологияЭкономика

Отандық банктер кибершабуылдарға дайындығын жыл сайын тексереді

Қазақстанның қаржы ұйымдары киберқауіпсіздік деңгейін және киберинциденттерге әрекет ету дайындығын жыл сайын бағалап отырады.

Тиісті талаптарды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен. Жаңа ережеге сәйкес, банктер мен қаржы ұйымдары кибершабуылдарға қарсы тұру мүмкіндіктерін тұрақты түрде тексеруге міндетті.

Бағалау барысында ақпараттық жүйелердің қорғалу деңгейі мен ықтимал киберинциденттер кезінде жедел әрекет ету қабілеті назарға алынады.

Бұл талап қаржы секторындағы ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге, клиенттердің деректерін қорғауға және цифрлық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button