Мәдениет

Астана кинотеатрларындағы айдың үздік үш фильмі

Бұл айда Астана кинотеатрларында көрерменнің ерекше қызығушылығына ие болған үздік үш фильмді назарларыңызға ұсынамыз. Әлеуметтік желілер мен көрермен пікірлеріне сүйенсек, көш басында тұрған туындылардың қатары төмендегідей.

Бірінші орында — «Аңдар шаһары 2» (Zootopia)
«Аңдар шаһары»  алғаш шыққан күннен бастап үлкен талқылауға түскен анимациялық фильм. Түлкі мен қоянның арасындағы оқиға арқылы қоғамдағы теңсіздік, қорқыныш, сенім мен әділдік секілді терең тақырыптарды қозғайды. Қазір бұл мультфильмді «балаларға емес, ересектерге арналған» деп бағалайтындар көп. Себебі психологиялық әрі философиялық астары өте жоғары деңгейде. Фильмнің рейтингі — 9.6, яғни айдың ең жоғары бағаланған туындысы.

Екінші орында күні кеше кинопрокатқа шыққан — «Аватар: От пен күл»
Джеймс Кэмеронның әйгілі «Аватар» франшизасы 2009 жылы алғашқы бөлімінен бастап көрерменнің жүрегінен орын алды. 2022 жылы шыққан «Аватар: Су жолы» деп аталған екінші бөлімнен кейін, 2025 жылы үшінші бөлім «Аватар: От пен күл» жарық көрді. Фильм визуалдық шешімдерімен, сюжет тереңдігімен ерекшеленіп, әзірге алғашқы күндерден 9.5 рейтингке ие болып отыр. Бұл — фантастика жанрындағы ең мықты жобалардың бірі.

Үшінші орында — Оскарға ұсынылған оңтүстік кореялық фильм
Бұл туынды Оңтүстік Корея өндірісінен шыққан, қазіргі таңда Оскар сыйлығына ұсынылып отырған фильм. Қазақ аудиториясында оның рейтингі шамамен 7.0-7.7 аралығында ғана болды. Алайда фильмді түсініп, мәніне үңілген көрермендер оның терең философиясын, адамның өмір үшін күресін, ішкі күйзелісін жоғары бағалады. «Паразит» фильміне ұқсас әлеуметтік-психологиялық бағытта түсірілген. Фильмнің ұзақтығы — 139 минут, ал Қазақстан прокатында небәрі 16 күн ғана көрсетіліп, сұраныс аз болуына байланысты экраннан алынды. Дегенмен, мазмұн тұрғысынан жоғары бағалануға лайық туынды.

Қосымша жаңалықтардан:
Үздік үштіктен бөлек, қазіргі таңда прокатта және алдағы уақытта жарық көретін қазақстандық фильмдер де бар. «Дәстүр» фильмінің екінші бөлімі «Дәстүр: Теріс батаға» алдын ала билет сатылымы басталды. Сонымен қатар «Иллюзия обмана» мен «Ауру» фильмі әлі де көрсетілімде.

Ал дәл қазір прокатта «Шаншар» әзіл-сықақ театрының актерлері Жүсіп пен Лебек Әбдірайымов ойнаған «План Ш»фильмі де бар. Көріп, өз бағаларыңызды берулеріңізге болады.

Қорытындылай келе, бұл айда көрермендер «Аңдар шаһары» мен «Аватарға» ерекше басымдық беріп отыр. Ал мазмұнды, ойландыратын фильмдерді бағалайтындар үшін үшінші орынға енген туынды да назар аударып көруге ұсынамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button