Елімізде оқушыларға арналған жүзу факультативі енгізілуі мүмкін

Мұндай сабақтар балалардың қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі деп күтілуде. Себебі Қазақстанда суға батып қаза тапқандардың әрбір бесіншісі – бала.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы үш жылда су айдындарында кәмелетке толмаған151 бала қаза болған. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі жағдайды жақсартуға жүзу бойынша факультативтік сабақтарды енгізу оң әсер етуі мүмкін. Жобаны Алматы мен Астана қалаларында пилоттық режимде іске асыру жоспарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, факультатив жаңа оқу жылынан бастап басталады. Оған 2–4 сынып оқушылары қатыса алады.
Бұл жас санаты кездейсоқ таңдалмаған. Мамандардың айтуынша, осы жастағы балалар жүзудің негізгі дағдыларын тез меңгереді және судағы жазатайым оқиғалар қаупіне де жиі ұшырайды.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының Оқу-ағарту министрлігіне қарасты бас директордың орынбасары Наталья Дрейттің айтуынша, сабақтардың басты мақсаты — балаларды спортшы ету емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
«Біз балаларға суда қалай қалқып тұруды үйретеміз. Бұл – спорттық жетістікке бағытталған жүзу секциясы емес. Біздің басты міндетіміз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жүзу міндетті пән ретінде қарастырылмайды және қолданыстағы дене шынықтыру оқу жоспарына әсер етпейді», — деді ол.
Аталған жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді. Қаржыландыруды Су спорты түрлері федерациясы өз мойнына алады.
Алғашқы кезеңде жүзу сабақтарына 5 мыңға жуық бала қатысады деп жоспарланған. Сабақтар аптасына 2–3 рет өткізіледі.



