ҚоғамЭкономика

Сәлемдеме жіберу 1 теңге ғана

Қазақстандағы танымал онлайн-платформа Flip жаңа тиімді акцияны іске қосты. Енді олардың курьерлік қызметі арқылы алғашқы сәлемдемені небәрі 1 теңгеге жіберуге болады.

Бұл мүмкіндік киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар, ойыншықтар сияқты түрлі заттарды басқа қалаға арзан әрі ыңғайлы жолмен жіберуге арналған. Пайдаланушылардың айтуынша, жеткізу уақыты да жылдам — кей бағыттарда 2–3 күннің ішінде жетеді және сәлемдеме бүлінбей, таза күйінде жеткізіледі.

Қалай жіберуге болады?

Сәлемдеме жіберу процесі өте қарапайым:

  • Flip қосымшасына немесе сайтына кіресіз
  • Жеткізу қызметін таңдап, жақын маңдағы ПВЗ-ны көрсетесіз
  • Сәлемдеменің салмағы мен өлшемін енгізесіз
  • Дайын қорапты таңдалған пунктке апарып тапсырасыз

Ал алушы өз қаласындағы пункттен келіп алып кетеді.

Акция шарттары

  • Алғашқы жіберілім (5 кг-ға дейін) — 1₸
  • Келесі жеткізулер шамамен 700₸-ден басталады
  • Мысалы, Астанадан Алматыға 0,5 кг-ға дейінгі пакет — шамамен 700₸
  • Максималды салмақ — 20 кг

Жеткізу мерзімі

Орташа есеппен сәлемдеме 3–5 күн ішінде жеткізіледі. Кей жағдайларда 2 күнде де жетіп жатады.

Неге тиімді?

Бұл акция әсіресе жиі зат жіберетіндерге, онлайн саудамен айналысатындарға немесе жай ғана үнемдегісі келетіндерге өте қолайлы. Қарапайым рәсімдеу мен төмен баға — басты артықшылықтарының бірі.

Егер басқа қалаға бірдеңе жіберуді жоспарлап жүрсеңіз — дәл қазір тиімді мүмкіндік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button