БілімҚоғамМәдениет

Астанада кітапсүйер қауымға арналған ерекше жоба басталды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Жазушылар одағының елордалық филиалымен бірлесіп, жаңа жобаны қолға алды. Жоба аясында қаладағы кофеханаларда қазақ тіліндегі кітаптар тегін таратылуда.

Бастаманың мақсаты – тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақ әдебиетін насихаттау және мемлекеттік тілдегі басылымдардың қолжетімділігін арттыру.

Қазан айында 50-ге жуық кофеханаға 400-ге жуық кітап жеткізілген. Кофеханалардың өкілдері бастаманы оң қабылдап, жобаға қолдау білдірген.


Бұл жолы кофеханаларға қазақ тіліндегі 1 500-ден астам кітап таратылады. Олардың қатарында қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары мен жергілікті авторлардың туындылары бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button