Денсаулық

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысы Астанаға не үшін келді?

Бүгін Астанада балалар денсаулығына арналған маңызды кездесу өтті. Бірақ бұл жай ғана жиын емес — елге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебреисус өзі келді.

Онымен бірге Еуропа бойынша басшы Ханс Клюге және ЮНИСЕФ өкілдері де қатысты. Яғни бұл — жай кездесу емес, әлем деңгейінде назар аударылған үлкен талқылау болды.

Кездесуде балалардың денсаулығы, қауіпсіздігі және болашағы сөз болды. Қазақстанның осы бағытта істеп жатқан жұмыстары да айтылды.

Соңғы жылдары елде жақсы өзгерістер бар: аналар мен сәбилердің өлімі азайған, өмір сүру ұзақтығы артқан, балаларға арналған орталықтар көбейген.

Жаңа 2026–2030 жылдарға арналған жоспар да таныстырылды. Оның басты ойы — әр бала сау болып өсіп, жақсы ортада дамуы керек.

Мамандардың айтуынша, бұл тек дәрігерлердің жұмысы емес. Баланың денсаулығына ата-ана, мектеп, қоғам бәрі бірге жауап береді. Ұлт саулығы барлық мемлекеттің басты ұстанымдарының бірі.

Бұл жиынның біздің елге қандай пайдасы бар десеңіз шетелдік ұйымдармен бірлескен жобалар көбейіп, медицина саласына жаңа тәжірибе мен технология келеді.

1948 жылы ашылған әлемдегі мединица саласындағы ең беделді  ұйымға Қазақстан 1992 жылы тіркелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button