Денсаулық
Кене шақса қайда жүгінуге болады?

Жылы маусым басталуымен әкімдік кене шаққан жағдайда қай медициналық мекемелерге жүгіну керектігін еске салды.
Ересектер үшін:
- №1 көпбейінді қалалық аурухана — Қошқарбаев көш., 66
- №3 көпбейінді қалалық аурухана — Молдағұлова көш., 26Б
Балалар үшін:
- №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы — Қошқарбаев көш., 64
- №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы — Тұрар Рысқұлов көш., 12
Сонымен қатар, А1 көшесіндегі Қалалық инфекциялық орталықта да көмек көрсетіледі.
Дәрігерлер кене өздігінен алуға тырыспауға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, дұрыс алынбаған жағдайда оның бір бөлігі тері астында қалып, инфекция қаупін арттыруы мүмкін.
Сонымен бірге, көрсетілім бойынша аталған медициналық мекемелерде кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алуға болады.



