
15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және елден шығу тәртібіне қатысты жаңартылған ережелер күшіне енеді. Осыған байланысты Қытайға баратын және елден шығатын жолаушыларға әуежайға алдын ала келуге кеңес береміз.
Жаңа талаптарға байланысты иммиграциялық бақылау кезінде құжаттарды тексеру процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан жолаушыларға паспорттың жарамдылығын және сапарға қажетті басқа да құжаттардың толықтығын алдын ала тексеру ұсынылады.
Ұшудан кемінде 3 сағат бұрын әуежайға келіп, паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастыру қажет.
Жаңартылған «Кіру мен шығуды басқару туралы ереже» Қытайдың Мемлекеттік кеңесінде 31 шілдеде қабылданған. Құжаттағы өзгерістер иммиграциялық бақылауды ретке келтіруге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және ұлттық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.
Жаңа ережеге сәйкес, шетел азаматтары виза рәсімдеу кезінде немесе шекаралық бақылаудан өту барысында жалған ақпарат ұсынса, Қытайға кіруге 1 жылдан 5 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.
Сондықтан Қытайға сапар жоспарлаған қазақстандықтарға жолға шығар алдында құжаттарының жарамдылығын тексеріп, елге кірудің өзекті талаптарымен алдын ала танысып алыңыз.



