
Астанада «Өзбекстан мен Қазақстан: стратегиялық әріптестік және жаңа туристік хабтарды қалыптастыру» тақырыбында бірлескен Туристік форум өтті.
Іс-шараға бейінді мемлекеттік органдардың, туристік компаниялардың, әуе тасымалдаушыларының, қонақүй бизнесінің, салалық қауымдастықтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының 300-ге жуық өкілі қатысты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға Өзбекстаннан шамамен 5,6 млн турист келген. Ал Өзбекстанға 2,9 млн-ға жуық қазақстандық барған. Бұл көрсеткіштердің өсуіне көлік логистикасының тұрақты кеңеюі және Алматы, Ташкент, Самарқанд, Атырау, Орал, Қостанай және Үргеніш қалалары арасында жаңа әуе рейстерінің ашылуы да ықпал етіп отыр.
Форум барысында Air Astana, Uzbekistan Airways, Centrum Air, FlyArystan және Vietjet Qazaqstan өкілдерімен тікелей әуе рейстерін кеңейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар қонақүй инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ зиярат, рухани және сауықтыру туризмінің перспективаларын қарастырды.



