Қоғам
Астанаға тағы бір жаңа, ақылды камералар

📸 Астанада жаңа ақылды камералар орнатылып жатыр. Енді әр маневріңіз жіті бақылауда
Төле би мен Халифа бен Заид көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін камералар орнатылып жатыр. Олар жылдамдықты асыру, қызыл түске өтіп кету сияқты заңбұзушылықтарды анықтайды.
Алдағы күндері мұндай камераларды ауданның басқа да қиылыстарына орнату жоспарланып отыр.
Қысқасы, Астанада жасанды интеллект ең қымбат фотографтың қызметін біртіндеп меңгеріп келеді.
Бірақ суретті сіздің келісіміңізсіз түсіреді, ракурсты талқыламайды, ал фотосессияның ақысын өзіңіз төлейсіз.



