
Өтінімдер 15-20 қазан аралығында қабылданады. Құжаттарды тек онлайн форматта kezekte.kz платформасы арқылы тапсыру қажет. Белгіленген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.
Конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.
Грант алу үшін үміткерлер электрондық өтінім мен қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпкер жоба шығындарының кемінде 20%-ын өзі қаржыландыруы қажет. Бұл ретте бизнес-жобаға тартылатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік те есепке алынады.
Бұдан бөлек, жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, оны іске асыруға қажетті инфрақұрылымды қарастыратын инвестициялық жоспар болуы керек.
Грант қаражатын қандай мақсаттарға жұмсауға болады?
Мемлекеттік қолдау қаражатын тауар өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажетті жабдықтар, шикізат пен материалдар сатып алуға, материалдық емес активтер мен технологияларды алуға, франчайзинг құқықтарын иеленуге, сондай-ақ зерттеу жұмыстарын жүргізуге және жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындарды өтеуге пайдалануға болады.
Қаражатты басқа мақсаттарға жұмсауға рұқсат етілмейді. Грант алған кәсіпкер бизнес-жобасын шартқа қол қойылған күннен бастап 18 айдан кешіктірмей іске асыруы тиіс.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7172) 556-903, 556-919, 556-921, 556-910.
Электрондық пошта: b.kasymov@astana.kz



