Қоғам
5-7 қараша күндері бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі
Елордада 5-7 қараша аралығында өтетін ауқымды халықаралық саяси іс-шараларға байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, осы күндері қала көшелерінің жекелеген учаскелерінде көліктердің жүруіне шектеу қойылады.
Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған.
Халықаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдары мен Қарулы күштердің күштері мен құралдары жұмылдырылады.
Мемлекеттік күзет қызметі қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларына құрметпен қарауға шақырды.



