Денсаулық

Балаларға шұғыл көмек көрсететін орталық бой көтереді

Астанада балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған 200 орындық жаңа орталық бой көтереді. Медициналық мекеме Нұра ауданында, Тұран даңғылы бойындағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының аумағында орналасады.

Жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған үш жаңа балалар ауруханасын салу бастамасы аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы орталықтың басқарма төрағасы Ержан Әділбеков мәлімдеді.

Жаңа мекемеде балалар хирургиясы, нейрохирургия, неонатология, травматология, офтальмология, неврология, кардиология және басқа да бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ шала туған нәрестелерді күтіп-баптау және жаңа туған балаларға хирургиялық ем жүргізу қарастырылған.

Алдын ала есеп бойынша, орталық жылына шамамен 8 900 пациентті қабылдай алады.

Медициналық мекеме Астана тұрғындарымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінен жедел жәрдем көлігімен және санитариялық авиация арқылы жеткізілетін балаларға да қызмет көрсетеді.

Жаңа орталықтың ашылуы күрделі медициналық көмекке мұқтаж балалар үшін мамандандырылған емнің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button