Нипах вирусы: шекарадағы бақылау күшейтілді
Елімізде Нипах вирусы тіркелген жоқ, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министірлігі мәлімдеді.

Қандай шаралар қабылданды?
-
Мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитариялық бақылау күшейтілді.
-
Әсіресе Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады.
-
Медициналық ұйымдар толық дайындыққа келтірілді, қажетті дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының қоры бар.
Азаматтарға ұсыныс:
-
Эндемиялық елдерге баруды жоспарласаңыз, жеке гигиена мен сақтық шараларын сақтаңыз.
-
Елге оралғаннан кейін дене қызуы көтерілсе, бас ауырып, әлсіздік байқалса, дәрігерге барып, қай елде болғаныңызды міндетті түрде айтыңыз.
Нипах вирусы деген не?
-
Бұл – жануарлардан адамға жұғатын инфекция.
-
Жұғу жолдары: жарқанаттар мен шошқалардан, науқас адаммен жақын байланыста, ластанған тағам мен су арқылы.
-
Белгілері: жоғары температура, бас ауруы, әлсіздік, ауыр жағдайда – ми мен өкпенің зақымдануы.
-
Арнайы емі мен вакцинасы жоқ, емдеу – тек симптоматикалық түрде жүргізіледі.



