Нипах вирусы: Үндістанға сапарды уақытша шектеу ұсынылды

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында Нипах вирусын жұқтырудың бес жағдайы анықталды. Осыған байланысты Қазақстанның санитариялық қызметтері азаматтарға Үндістанға сапарлауды уақытша шектеуді ұсынады. Мамандардың айтуынша, туристер үшін белгілі бір қауіп бар, алайда алдын алу шараларын сақтау арқылы жағдайды бақылауда ұстауға болады.
Қазіргі таңда елімізде Нипах вирусын жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Әуежайларда санитариялық бақылау күшейтілген. Эндемиялық аймақтардан келген жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Ұшақтарда маска тағу режимін енгізу жоспарланбаған, себебі бұл вирус ауа-тамшы жолымен таралмайды.
Нипах вирусына қарсы вакцина да, арнайы емдеу әдісі де әзірге жоқ. Аурудың өлім-жітім деңгейі 40–75 пайызға дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты туристерге жеке гигиена талаптарын қатаң сақтау, жануарлармен байланыстан аулақ болу ұсынылады. Сонымен қатар сапардан кейін ауру белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.



