Денсаулық
Астанада жаңа балалар травматология пункті ашылады
Ақпан айының соңына дейін елордада 520 мың тұрғынға қызмет көрсететін балалар травматологиялық пункті жұмысын бастайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа бөлімше Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында ашылады. Қазіргі уақытта кадрлық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде: 11 анестезиолог-реаниматолог пен балалар травматологтары жұмысқа қабылданған, бөлімше заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған.
Жаңа пунктті ашу қажеттілігі балалар жарақатының өсуімен байланысты. 2025 жылы Астанада балалар жарақаты 15,8%-ға артып, 112 775 жағдай тіркелген. Қолданыстағы травмпункттер тәулігіне 350-ден астам баланы қабылдайды. Жаңа бөлімше ақпан айының соңына дейін науқастарды қабылдай бастайды.



