Ақпан – қан тапсыру айы: донорларға арналған маңызды ережелер

2 ақпанда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақпан айын ресми түрде қан тапсыру айы деп жариялады.
Қан тапсыру – көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды іс. Алайда донордың өзі де, реципиент те қауіпсіз болуы үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет.
Донор болуға қойылатын негізгі талаптар
-
Жасы 18 жастан кем болмауы тиіс
-
Жеке куәлік міндетті түрде өзіңізбен бірге болуы керек
Қан тапсыруға уақытша болмайтын жағдайлар
-
Тұмау, ЖРВИ, дене қызуының көтерілуі
-
Антибиотик қабылдағаннан кейін – 14 күн
-
Тіс жұлдырғаннан кейін – 10 күн
-
Татуировка немесе пирсинг жасатқаннан кейін – 4 ай
Қан тапсырар алдындағы дайындық
-
72 сағат бұрын: аспирин және анальгетик сияқты дәрі-дәрмектерді ішпеңіз
-
48 сағат бұрын: алкоголь тұтынбаңыз
-
24 сағат бұрын: майлы, ащы, ысталған тағамдардан, сүт өнімдері мен жұмыртқадан бас тартыңыз
-
Таңертең: жеңіл таңғы ас (суға піскен ботқа, тәтті шай, құрғақ печенье)
-
2 сағат бұрын: шылым шекпеңіз
-
5–10 минут бұрын: тәтті шай ішіңіз
Қан тапсырғаннан кейін
-
5–10 минут: отырып демалыңыз, бас айналса медицина қызметкеріне хабарлаңыз
-
2 сағат: шылым шекпеңіз
-
3–4 сағат: таңғышты шешпеңіз, су тигізбеңіз
-
24 сағат: ауыр физикалық жүктеме мен алкогольден аулақ болыңыз
-
48 сағат: дұрыс тамақтанып, көп сұйықтық ішіңіз
-
14 күн: вакцина салдырмаңыз
- 2–3 айдан кейін: қайтадан қан тапсыруға болады
Астана қаласы бойынша қан тапсыру орындары
-
Керей Жәнібек хандар көшесі, 10
күн сайын 08:00–17:00 -
Ә. Молдағұлова көшесі, 33
жұмыс күндері 08:00–17:00



