Денсаулық

Жусанға аллергиясы барлар үшін жақсы жаңалық

Қазақстандық ғалымдар жусан тозаңына қарсы вакцина сынағын жалғастыруда.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ғалымдары жусан тозаңынан туындайтын аллергияға қарсы отандық препараттың клиникалық сынағының екінші кезеңіне өтті.

PollenVax жұмыс атауымен әзірленген препарат Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламасы аясында жасалып, халықаралық GMP стандарты бойынша өндірілуде. Мамандардың айтуынша, жусан аллергиясы Қазақстандағы ең кең таралған маусымдық аллергиялардың бірі саналады.

Елдегі тозаң аллергиясының шамамен 30%-ы осы өсімдікке тиесілі. Бұл мәселе  еліміздің барлық өңірінде өзекті. Себебі аллергия маусымы шілдеден қарашаға дейін созылады. Жаңа препараттың ерекшелігі — емдеу курсының қысқалығы.

Терапия аптасына бір рет жасалатын бар болғаны 4 теріасты инъекциясынан тұрады. Клиникалық сынақтың алғашқы кезеңіне 30 ерікті қатысып, препараттың адам ағзасына жақсы әсер ететіні анықталған. Ал екінші кезеңге 18 бен 65 жас аралығындағы 138 пациент қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button