Денсаулық

10 минутта диагноз: Астана медицинасына ЖИ келді

Денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізілуде. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, ауруларды ерте анықтауға және диагноз қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазір WDSOFT жасанды интеллект жүйесіне елорданың 19 медициналық ұйымы қосылған. Жүйе радиологиялық зерттеулердегі патологиялық өзгерістерді анықтауға көмектеседі. Оның арқасында диагноз қою уақыты 10 минутқа дейін қысқарған.

2025 жылдың 1 тамызынан бері Астананың бірыңғай жүйесінде 360 мыңнан астам радиологиялық зерттеужинақталған. Оның ішінде рентген, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, маммография және ангиография бар.

Сонымен қатар елордада инсультті жылдам анықтауға арналған Cerebra жүйесі енгізіліп жатыр. Пилоттық жоба сәтті өткеннен кейін бұл технология Астанадағы үш инсульт орталығында қолданылатын болады.

Алдағы уақытта қалада «Жеке сүйемелдеу және онлайн-консультациялар орталығын» іске қосу жоспарланып отыр. Оның құрамында жасанды интеллект көмегімен денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштерді бақылайтын ахуалдық орталық та жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button