Қоғам
Астанаға тағы бір жаңа мурал

🍎 Астанада тағы бір мурал пайда болды — бұл жолы Абылай хан даңғылы, 55-үйдің қабырғасында.
Ғимараттың қасбетінде алма бағында тұрған қыз бейнеленген: жарқын түстер, жасыл желек және аздап жаз. Астанада жазды күтпей-ақ, қабырғаға салып қойған әлдеқайда сенімді ғой.
Жұмыстар толық аяқталды. Енді бұл жердегі алма ағаштары желге де, аязға да, елорданың өсімдіктерге ұсынатын басқа «сынақтарына» да алаңдамайды.



