Қоғам

“Астана жолдарына екінші қабат саламыз”

🚗 Астанада кептеліспен күрестің келесі деңгейі ойлап табылды: бір жолға көлік тым көп сыймай жатса, жолдың екінші қабатын саламыз.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек сол жағалаудағы көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған жаңа жобалар туралы айтты. Олардың қатарында №38 көшені жалғастыру, Хусейн бен Талал көшесі арқылы жаңа көпір салу және Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол жасау бар. Соңғы жобаның құрылысын Президенттің тапсырмасы бойынша 2027 жылы бастау жоспарланып отыр.

Жобалар Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел және Тұран даңғылдарындағы көлік кептелісін азайтуға көмектеседі деп күтілуде.

Қысқасы, Астанадағы кептеліс сондай деңгейге жетті — енді жолдарды да деңгейлеп сала бастайтын болдық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button