“Тротуарда самокатшы көрсең суретке түсір”

🛴 Қазақстандықтарға қаланың жаңа «ойынына» ресми түрде қатысу ұсынылды: «Тротуарда самокатшыны көрсең — телефонды бірінші болып шығар да, суретке түсір».
ІІМ 25 тамыздан бастап электрсамокаттарға тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарында жүруге тыйым салынғанын еске салды. Мопедке теңестірілген электрвелосипедтерге де бұл аумақтарда жүруге болмайды. Ережені бұзғандарды фото немесе видеоға түсіріп, 102 нөмірі, мобильді сервистер немесе eGov Mobile арқылы полицияға жіберуге болады.
Вице-министр Игорь Лепёха әр тротуарға полицей қою мүмкін емес екенін айтып, сондықтан тұрғындардың көмегіне де сүйеніп отырғандарын түсіндірді.
Ал қазір шамамен 30 мың электрсамокаттың 10 мыңы айып тұрағына қойылған.
Қысқасы, бұрын серуендегенде самокаттың астына түсіп қалмау үшін жан-жағымызға қарайтынбыз. Енді телефонды да дайындап жүруге тура келеді — полицияға түсіріп жіберу үшін. Қала тұрғынының көп міндеттілігі жаңа деңгейге шықты.



