Арзан әуе билеттерін қайдан іздейміз?

Google Travel Explore қызметінде өз қалаңызды таңдап, баратын жерді «Кез келген жер» деп көрсетіп, қаражат шегін белгілеуге болады екен. Мысалы, біз 150 000₸-ге дейін деп белгіледік.
Қызмет картадан ең арзан бағыттарды көрсетеді. Ал баға бақылауын қоссаңыз, билет арзандаған кезде электрондық поштаңызға хабарлама келеді. Осылайша билеттерді алдағы жарты жылға іздеуге болады.
Біз мына нұсқаларды таптық:
🇹🇷 Алматы – Ыстамбұл, 18–26 қаңтар, тікелей рейс – 87 453₸
🇦🇪 Ақтау – Дубай, 28 қараша – 5 желтоқсан, тікелей рейс – 110 488₸
🇨🇿 Қарағанды – Прага, 20–29 қараша, бір ауысып отырумен – 139 406₸
Әрі қарай осы күндердегі бағаларды басқа қызметтермен салыстырып, ең тиімді нұсқаны таңдау ғана қалады.
P.S. Байқауымызша, қызметті телефоннан гөрі компьютердегі браузер арқылы пайдалану ыңғайлырақ. Оның үстіне, компьютер арқылы іздегенде нұсқалар да көбірек шығады.



