Спорт

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Черногорияның Будва қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында жартылай финал өз мәресіне жетті.

Оның қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы ақтық сынға шықты.

Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Ал Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, финал 27 қазанда Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Бұған дейін грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан Әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, қола медальға ие болды

Басқа жаңалықтар

Back to top button