Экономика

Қазақстан экономикасы жыл басынан бері 4,5%-ға өсті

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2026 жылдың қаңтар–қазан айларында 4,5%-ға артты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сүйене отырып хабарлады.

Экономикалық өсімге мұнайдан тыс сектор айтарлықтай үлес қосқан. Аталған бағыттағы өсім 5,6%-ды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 9,3%-ға артты.

Өсім әсіресе фармацевтика саласында байқалды. Дәрі-дәрмек өндірісі 50,9%-ға, дайын металл бұйымдары 30,4%-ға, машина жасау 22,2%-ға өскен.

Сонымен қатар құрылыс саласы 13,1%-ға, көлік және қойма қызметтері 7,5%-ға, сауда 6,2%-ға артты.

Мамандар экономикалық өсімді тұрақты сақтау үшін өндіріс өнімділігі мен технологиялық мүмкіндіктерді одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button