ДенсаулықҚоғам

Улы газдан сақтану шаралары

Жылыту маусымының басталуына байланысты Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға улы газдан улану қаупі туралы ескерту жасады.

Мамандардың айтуынша, иіс газының ең қауіпті ерекшелігі – оның түсі де, иісі де жоқ. Сондықтан адам оның бөлмеде жиналып жатқанын сезбеуі мүмкін.

Улы газдың пайда болуына пештің дұрыс жұмыс істемеуі, мұржаның бітелуі, күйенің жиналуы және бөлмедегі желдету жүйесінің жеткіліксіздігі себеп болуы ықтимал.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға бірнеше маңызды қауіпсіздік шарасын сақтауды ұсынады.

Ең алдымен, пештер мен жылыту құрылғыларының жарамдылығын тексеру қажет. Мұржаларды уақытылы тазалап, пештің қабырғаларында жарықтардың жоқтығына көз жеткізген жөн. Электр сымдары мен розеткалардың жағдайын да бақылау керек.

Сонымен қатар үйлерге өрт және улы газды анықтайтын арнайы датчиктер орнату ұсынылады.

Мамандар жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмауға, пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Иіс газынан улану ауыр зардаптарға, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын алдын ала қабылдау өте маңызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button