Қоғам
Қысқы маусымға 2 500-ден астам арнайы техника дайындалды
Астанада қысқы маусымға 2 500-ден астам арнайы техника дайындалды
Елордада қар тазалау жұмыстарына 2 500-ден астам арнайы техника мен 3 400-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылады. Қаладағы барлық алты ауданда жұмыс екі ауысыммен жүргізіледі. Алдымен негізгі көшелер, қоғамдық көлік аялдамалары мен әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар тазартылады.



