200-ден астам іс-шара: Астана күніне арналған толық бағдарлама

Астана күніне орай елордада 200-ден астам іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын концерттер, фестивальдер, театр премьералары, спорттық жарыстар, балалар мен отбасылық бағдарламалар күтеді.
Мерекелік бағдарлама 2 шілдеде республикалық мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен, Taza Fest экологиялық фестивалімен және Есіл өзеніндегі Ұлттық ұлан оркестрінің концертінен басталады.
3 шілдеде жастардың open-air фестивалі, жас фотографтардың көрмесі, балалар фестивалі, экологиялық акциялар мен домбырашылар концерті ұйымдастырылады.
3–4 шілде күндері «Астана, мен сені сүйемін» пластикалық спектаклінің премьерасы өтсе, 4–6 шілде аралығында Астана циркі мерекелік бағдарламасын ұсынады.
4 шілдеде Kids Run балалар жарысы, Urban Fest көше спорты фестивалі және «Мерекелік саябақ» фестивалі өтеді.
5 шілдеде SARYARQA RUN бұқаралық жүгіру жарысы, «Асыл мұра» концерті, Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бағдарлама және көше театрлары фестивалі ұйымдастырылады.
Мерекенің басты күні — 6 шілде. Бұл күні түрлі спорттық турнирлер, барлық аудандардағы концерттер, «Қазақ елі» монументі мен «Астана Арена» маңындағы Open Air концерттері және «Толағай» алыптар сайысы өтеді.
Мерекелік бағдарлама 7-8 шілдеде де жалғасады. Көрермендерді «Жайдарман» жастар фестивалі, «Астана – арман қала» концерті, әдеби кездесу және композитор Бауыржан Мақаевтың шығармашылық кеші күтеді.
Ал 11-12 шілдеде халықаралық BaiQymyz гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылып, Қазақстан, Қырғызстан және Якутиядан келген қымыз өндірушілер бас қосады.
Сонымен қатар Астана күні қарсаңында елордада 25-тен астам жаңа аула мен қоғамдық кеңістік ашылып, Индустриялық паркте жаңа өндіріс орындарын іске қосу жоспарланған.



