Басты жаңалық

Қала күні құтты болсын: Астана жайлы 20 дерек

Астана күніне орай Ұлттық статистика бюросы елорда туралы 20 қызықты деректі жариялады. Халық саны, сәби саны, театрлар, саябақтар мен туристерге қатысты ең қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

1. 2026 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша Астанада 1 674 699 адам тұрады.

2. Елордада әйелдер саны ерлерден көп: 884 029 әйел және 790 670 ер адам.

3. Қазақстан бойынша 26 адамның есімі – Астана.

4. 2025 жылы елордада 27,4 мың сәби дүниеге келген.

5. Астанада 18 жасқа дейінгі 545 мың бала тұрады. Оның 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз.

6. 2026 жылдың алғашқы бес айында елордада 3 469 неке тіркелді.

7. 2025 жылғы қартаю индексі 22,9 болды. Яғни әрбір 100 балаға 65 жастан асқан шамамен 23 адамнан келеді.

8. Елорда тұрғынының орташа жасы – 30,9 жас.

9. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жас.

10. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астанада 274 285 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

11. Құрылыс компанияларының саны 18,5 мыңға жетіп, бұл көрсеткіш бойынша елорда республикада бірінші орында.

12. Қалада 576 мың пәтер бар.

13. Астанада 6 819 қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша қала Алматыдан кейін екінші орында.

14. Елордада 31 театр жұмыс істейді.

15. Қалада 5 музей бар.

16. Тұрғындарға 35 кітапхана қызмет көрсетеді.

17. Астанада 24 саябақ орналасқан.

18. Тұрақты интернет абоненттерінің саны 443,4 мыңға жеткен.

19. 2026 жылдың І тоқсанында елорда қонақүйлеріне 67,9 мың шетелдік турист орналасты.

20. Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button